13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды

2 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы тапсырмалардың орындалуы сараланды. Түркістан облысында АӨК жалпы өнім өндіру және инвестиция тарту жоспарының 6 айлық қорытындысы талқыланды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төралығымен өткен жиында АӨК жалпы өнім өндіру және инвестиция тарту жоспарының 6 айлық қорытындысы талқыланды. Күн тәртібінде ұлттық ауыл шаруашылығы санағының жағдайы, 6 айдың қорытындысымен статистикалық есептіліктің тапсырылу барысы, агроөнеркәсіп кешені саласындағы тапсырмалардың орындалуы сараланды. Облыс әкімінің орынбасары салалық индикаторларды тиісті деңгейде орындамаған жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтып, кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.

– Жұмыс сапалы әрі уақытылы орындалса, бекітілген межеге қол жеткізуге ешқандай кедергі жоқ. Жоспар жүйелі атқарылып келеді. Дегенмен, кейбір аудандарда кемшіліктер орын алуда. Тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда, шара көріледі. Заң талаптарын сақтай отырып, жұмысты сапалы, мерзімінде орындап шығу керек, – деген Нұрбол Тұрашбеков жұмысты жандандыруды тапсырды. Жиын барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанар Ережепова жалпы өнім көлемінің 6 айға болжамы туралы баяндады. Оның айтуынша, Арыс қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарында респонденттердің статистикалық есепті тапсыруы толық қамтамасыз етілмеген. Инвестиция тарту бойынша аудан, қала әкімдіктері 6 айлық жоспардың 104,6 %-ға орындалатыны туралы мәлімет ұсынған.

Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверлерінің бірі. Өңірде бұл саланы жан-жақты дамытуға басымдық берілген. Бекітілген жоспардың тиісті деңгейде орындалуы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

 

Previous Post

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

Next Post

Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі