13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

2 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шаһардың кәріз суы жиналатын нысанда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістандағы сарқынды су имаратының жай-күйімен танысты. Шаһардың кәріз суы жиналатын нысанда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, №2 кәріз тазалау блогы реттелуде. Осы жұмыстар нәтижесінде механикалық, биологиялық, химиялық, технологиялық тазалау тетіктері қалпына келеді. Аталған жобаға 400,7 млн, теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы қала әкімі мен жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы атқарып, қаланың инфрақұрылымына қатысты жобаларды назарда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 2018 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 15 пайыз ғана болған. 2020-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401,6 шақырымды құрайды. Бұл желілерге 17581 абонент қосылған. Жалпы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,5 пайыз деңгейінде. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын сарқынды су жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалар аясында қала аумағында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында бірқатар құрылыс нысандарының салынуы жоспарланған.

Атап айтқанда, 5 сарқынды суларды тазарту имараты, 21 канализациялық сорғы станциясы және 4 шығын реттегіш құдықтың құрылысы қарастырылған. Бұл нысандардың іске қосылуы кәріз жүйесінің қуаттылығын арттырып, халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарын толық кәріз жүйесіне қосу мақсатында қазіргі уақытта 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

 

Previous Post

Түркістан облысының экономикасы өрлеп келеді

Next Post

ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі