13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ӨТТІ

10 июля, 2025
in Uncategorized
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ӨТТІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қоршаған ортаны қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Осы орайда «13 шілде — Балықшылар күні» қарсаңында «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараға партияның қалалық және аудандық бөлімшелері, «Жастар рухы» ұйымының еріктілері мен коммуналдық қызмет өкілдері атсалысты. 50-ден астам адам бірлесе әрекет етіп, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Бұл жолы сенбілік Қошқар ата өзенінің бойында өтті. Қатысушылар:
өзен бойындағы және су түбіндегі қоқысты жинап,
арам шөптерді шауып,
ағаштарды санитарлық тұрғыда бұтап, қала тұрғындарына жайлы әрі таза демалыс орнын қалыптастыруға атсалысты.

Жыл басынан бері «Таза бейсенбі» 26 рет өткізілген.
✅ 2 500-ге жуық адам қатысты
✅ 24 тоннаға жуық қоқыс шығарылды
✅ 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылды

Бұл акция – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының бір бөлігі. Мақсат – табиғатқа деген жанашырлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
«AMANAT» партиясы осындай жобалар арқылы барша жұртты туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырады.

#AMANAT

Previous Post

«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы бастау алды

Next Post

«ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» - ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ МЕКЕНІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі