13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

20 июня, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ауқымды бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қала тұрғындары мен жұмыс берушілермен қатар, Солтүстік өңірлерден арнайы келген делегациялар да қатысты.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтар мен жастарға, сондай-ақ әлеуметтік осал топ өкілдеріне жұмыс табуға жағдай жасау және ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын кеңінен түсіндіру болды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан сала мамандары келіп, өз өңірлеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке үшін барлығы 775 жұмыс берушіден 3 583 бос жұмыс орны жинақталды. Іс-шараға 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, тұрғындарға бос орындарды таныстырды. Оның ішінде 1340 орын – тұрақты, 2243 орын – уақытша жұмыс орындары.

Жәрмеңкеге келген тұрғындардың 300-ге жуығына қызмет көрсетілді. Оның 95-і тұрақты жұмысқа орналасса, 29 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Бұдан бөлек, пробация қызметінде тіркеуде тұрған, бұрын сотты болған және мүгедектігі бар азаматтар арасынан 9 адам квота бойынша жұмысқа орналасты. Алимент берешегі бар 4 борышкерге де жұмыс ұсынылды.

Ерікті түрде солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытқан 84 адамға кеңес берілді. Оның ішінде 11 азамат 24 маусым күні ұйымдастырылатын «Ұлы көш» атты Солтүстік және Павлодар облыстарының тыныс-тіршілігімен танысу сапарына қатысуға ниет білдірді.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар және өзге де қолдау тетіктері туралы кеңес берілді.

Мұндай жәрмеңкелер – еңбек нарығын тұрақтандыру мен халықты нәтижелі жұмыспен қамту жолындағы маңызды құрал болып отыр.

#AMANAT

Previous Post

Next Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі