13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРМАН АБДУЛЛАЕВ:КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ!

17 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
АРМАН АБДУЛЛАЕВ:КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ!
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан пластик материалынан есік-терезе шығаратын жеке кәсіпкер Ерғали Омаровтың цехына арнайы барып, өндіріс орнымен танысты.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі өндіріс процесін көріп, өнім сапасына жоғары баға берді. Кәсіпкермен сұхбат барысында Арман Абдуллаев цех ұжымына сәттілік тілеп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

-Кәсіпкерлікті дамыту — ауданымыздың басты басымдықтарының бірі. Осындай шағын және орта бизнес нысандарын қолдау арқылы біз экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасаймыз,-деп аудан басшысы кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Цех — жергілікті кәсіпкерлік субъектілерінің бірі ретінде аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып отырған өндірістік нысан. Мұнда қазіргі заманғы технологиялар негізінде жоғары сапалы пластик есік пен терезелер дайындалады. Цехта жергілікті 15 тұрғын жұмыс істейді. Тәулігіне қуаттылығы 12 тоннаны құрайды. Өнім Қазақстан республикасының аумағында ғана емес,Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне де тасымалдануда.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Bah-Asmar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын өндірістік цехын аралап көрді.

Аудан басшысы цехтың өндіріс процесімен танысып, қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен өнім сапасына назар аударды.

Сұхбаттасу барысында цехтың директоры Ерлан Исаев аудан басшысына алдағы жоспарларын баяндады.

Арман Абдуллаев өз сөзінде:

-Мұндай кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі. Жергілікті өндірісті қолдау арқылы біз тұрғындарды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ете аламыз,– деп атап өтті.

Кәсіпорында бір реттік пластик және қағаз ыдыс-аяқтар шығарылып, жергілікті және аймақтық нарыққа жеткізілуде. Кәсіпорын тәулігіне 100 мың дана өнім шығарып,55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

 

Previous Post

САРЫАҒАШ: «ЖАС ТҮЛЕК» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙДА БИЫЛ ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі