13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: «ЖАС ТҮЛЕК» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

17 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: «ЖАС ТҮЛЕК» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, колледж бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру, жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасуға ықпал ету және оларды Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге үндеу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағытта аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жас түлек» ақпараттық керуені атты мобильді топтың жұмыс кестесі бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мобильді топтың жетекшісі – Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров. Топ құрамына Мансап орталығының мамандары, Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері енгізілді.

Жұмыс кестесіне сәйкес мобильді топ Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі, №12 колледж, және Абу Али Ибн Сина жоғары медициналық колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында ҚР «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттік қолдау тетіктері, жастарға арналған түрлі бағдарламалар – «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Серпін-2050», «Жасыл ел», «Бастау бизнес» жобалары бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметтің маңыздылығы мен азаматтық борышты өтеудің мағынасы да жастар назарына ұсынылды.

Кездесулер барысында түлектер мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл шара түлектердің болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауына, еңбек нарығында өз орнын табуына және әлеуметтік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануына айтарлықтай септігін тигізді.

Айта кетсек, биыл Сарыағаш ауданындағы 6 колледжде 1005 түлек оқуын аяқтап, еңбек жолын бастағалы отыр.

 

Previous Post

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

Next Post

АРМАН АБДУЛЛАЕВ:КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі