13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АМАНСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

21 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: АМАНСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Боралдай ауылдық округіне қарасты Амансай елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы, аудандық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар қатысты.

Салтанатты шараны аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ашып, ауыл халқын жаңа мәдениет ошағының ашылуымен құттықтады.

«Бүгін біз үшін көптен күткен қуанышты күн. Жаңа мәдениет үйінің ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – ауылымыздың мәдени дамуына тың серпін беретін маңызды нысан. Енді ауыл жастары түрлі үйірмелерге қатысып, өнер мен білім жолында шыңдалатын болады. Жаңа мәдениет үйі ел игілігіне қызмет ете берсін», – деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Жаңа мәдениет үйінің ашылуы – ауылдың мәдени-рухани өмірінде ерекше орын алатын тарихи оқиға. Ғимарат заманауи талаптарға толықтай сай салынған және қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, шығармашылық үйірмелер, театрлық қойылымдар мен концерттер өткізуге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына арналған кітапхана да мәдениет үйінің ішінен орын тапқан.

Шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа нысанның іске қосылуы – Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен мәдениет саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан нақты жобалардың бірі. Бұл игі қадам ауыл халқының мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, шығармашыл жастардың талантын шыңдауға үлкен мүмкіндік береді.

 

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі