13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Қауіпсіз қала» шарасы өтіп жатыр

10 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Қауіпсіз қала» шарасы өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол. 1 қаңтардан бастап рухани шаһарда «Түркістан — қауіпсіз қала» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Түкрістан қаласында көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын 50 –ге жуық «ақылды» бейнекамералар орнатылған. Жақын уақытта олардың санын көбейту көзделген.

Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері жыл басынан бері бірқатар құқықбұзушылықтардың жолын кесті.  Тәртіпті жіті қадағалайтын полицейлер жол саласына қатысты 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Ал,  нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жалпы – 1,5 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

Кең көлемді шара барысында мас күйінде көлік басқарған 27 азамат анықталған. Олардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің – 608 — бабы бойынша шара қолданылуда. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, қамауға алынды. Ішімдік ішіп, көлік тізгініне отырғандар 7 жылға көлік басқару құқығынан  айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады.

Тәртіпті күшейту мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков «Қауіпсіз қала» шарасына облыстық Полиция департаментінің қала, аудан, басқарма, бөлімдері мен жол полициясы қызметкерлерінен жалпы 100-ге жуық полиция қызметкері мен бес автоэкипаж бөлді. Олар қала көлемінде қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны болдырмауға күш салуда.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мұрат Әйтенов: «Шағын және орта бизнесті қала экономикасының локомотивіне айналдыруымыз қажет»

Next Post

Шымкентте инвесторлар есебінен әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі