13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс министрі ардагерлерге әскери қызметшілер және зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың жаңа шараларын ұсынды

20 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс министрі ардагерлерге әскери қызметшілер және зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың жаңа шараларын ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің мүшелерімен және ұйымның өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді. Іс-шарада жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиынға «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары және қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің басшылары қатысты.

Қорғаныс министрі армияның жауынгерлік дайындық, бітімгерлік қызмет, армияны техникалық жарақтандыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және әскери қызметшілер, атап айтқанда мерзімді қызмет сарбаздары үшін қызмет жағдайларын жақсарту саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. Ол сондай-ақ, Қарулы күштердің жауынгерлік дәстүрлері мен рухани құндылықтарын сақтаудағы ардагерлер қызметінің маңыздылығын атап өтті.

«Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз жастар мен әскери қызметшілер арасында әскери-патриоттық тәрбие беру және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелерінде біз үшін маңызды бағдар болып табылады», — деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Қорғаныс министрі ведомствоның бұрын жойылған жеңілдіктерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі коммуналдық өтемақыға өзгерістер енгізуді, әскери қызметшілерге тегін жол жүруді және далалық төлемдерді қайтаруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақыны индексациялайтын заң жобасы қарастырылуда.Ол әскери қызметшілер мен ардагерлерге медициналық көмек пен санаторлық-курорттық емдеуді жақсарту шаралары қабылданып жатқанын хабарлады. 2024 жылы 100-ден астам әскери зейнеткер стационарлық ем алды. Ал 2300-ден астам ардагер клиникалық-диагностикалық көмек алды. 2025 жылы санаторлық-курорттық емделуге 488 жолдама бөлу жоспарлануда.
Жиында әскери зейнеткерлерді әскери емдеу мекемелеріне жатқызу мәселесі көтерілді. Осы орайда Қорғаныс министрі мұндай жағдайларда әскери госпитальдар оларды қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсететінін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады.Кеңес қорытындысы бойынша әскери-патриоттық тәрбиені дамыту және әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі бірлескен қадамдарды көздейтін құжат қабылданды.

Previous Post

Шымкентте әскери-патриоттық тәрбие бағытында әдістемелік семинар өтті

Next Post

Шымкент әскери колледжінде спорт күні

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі