13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «ЭТНО FEST» ҰЛТТЫҚ КИІМ ШЕРУІНЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

19 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «ЭТНО FEST» ҰЛТТЫҚ КИІМ ШЕРУІНЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

18 – наурыз күні Сауран ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «ЭТНО FEST» ұлттық киім шеруі ұйымдастырылды. Шеру аудан орталығы – Қос мұнарадан Сауран ауданы әкімдігі алаңына дейін жалғасты. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық киімді ұлықтап, жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ, ата-баба мұрасын сақтау мен дәріптеу.
Шеруге зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты әжелер, ақсақалдар, Сауран ауданы әкімдігіне қарасты қызметкерлер, қоғам белсенділері мен мәдениет саласының өкілдері белсене қатысты. Ақсақалдар бата беріп, ұлттық домбыраның күмбірлеген әуенімен ән шырқалып, жиналған көпшілік қазақы киім үлгілерін паш етіп, мерекелік рухты сезіндірді.
Қатысушылар сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық шапан, камзол, сәукеле мен тақия киіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаңғыртты. Ұлттық нақыштағы киім үлгілері шерудің айрықша сәнін келтірді. Шеру соңында аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Ергешбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде қазақ халқының киім үлгілері – тек сәнді киім ғана емес, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тарих пен мәдениеттің айнасы екенін айтты.
Шара барысында ақжаулықты әжелер қауымына ұлттық нақыштағы оюланған шапандар тарту етілді. Бұл ерекше сыйлық – Сауран ауданының тігін шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық брендтің көрінісі болды. Ұлттық нақыштағы шапандарды табыстау арқылы ұлттық өнер мен қолөнерді дамытуға қолдау көрсетілді.
Бұл бастама аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен жүзеге асырылды. Қонақтар мен қатысушылар осындай ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сауранда өткен «ЭТНО FEST» шеруі – тек ұлттық киімді насихаттау ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүріне, мәдениетіне деген құрметтің белгісі болды. Мұндай игі шаралар жас ұрпаққа рухани тәрбие беруде, ұлттық сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 120 ПӘТЕРЛІ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

ҚАРАТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЙ ШЕРУІН ЖАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі