13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АРНАЙЫ БӨЛІМШЕ ҚҰРЫЛДЫ

24 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АРНАЙЫ БӨЛІМШЕ ҚҰРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері – Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. Аталған бөлімшенің басты ерекшелігі –отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жинақталған жүйелі мәселелерді жою. Бұл жайында Түркістан облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар Қалабаева брифингте мәлімдеді.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін анықтау мен бақылаудың жаңа алгоритмдері әзірленді. Жедел топтар жағдайды талдаудың цифрлық құралдарын қолдана отырып, отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларына жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Ресми мәлімдемелер түскенге дейін, оның ішінде қайталанған жанжалдар туралы деректер негізінде де зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, құрбандар мен куәгерлерді қорғау, олардың қауіпсіздігі мен қолдауды қамтамасыз ету де басты назарда. Жаңа бөлімше қайталанатын зорлық-зомбылық қаупін бағалап, агрессорлармен жұмысты да күшейтуді қолға алады»- деді спикер.

Жалпы елімізде биыл жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 607 хабарлама келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға аз. Сонымен қатар, өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтар құрылып, жыл басынан бастап полиция қызметкерлері мекен-жайы бойынша 345 отбасын қарап, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 47 отбасын анықтаған. Оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілуде. Сондай-ақ, еліміз бойынша 17 отбасын қолдау орталықтары қызмет көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Next Post

«Мың бала» – ауыл оқушыларына жаңа мүмкіндік: Түркістан облысының мектеп директорларына жобаның таныстырылымы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі