13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі Әл-Фараби ауданының 276 орамында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Қоғамдық қабылдау» бөлімінің меңгерушісі Г.Баетова, Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ердәулет Жүнісбек, мәслихат депутаттары Бақытжан Позилов, Бөкейхан Әбішев, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Ж.Оспанов қатысып, жергілікті халықтың арыздары мен шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі көтерген мәселелері инфрақұрылым саласымен байланысты болды. Қала көшелеріне асфальт төсеу, қоғамдық көліктердің бағытын өзгерту, автобус санын арттыру және жолдарды кеңейту сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, кейбір азаматтар көшелерге атау беру мәселесін де көтерді. Қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығы мұқият тыңдалып, депутаттық сауалдар әзірленіп, тиісті мекемелерге ресми хаттар жолданатын болды. Бұл қоғамдық қабылдау алаңының ерекше маңызы бар. Халықпен тікелей кездесіп, олардың проблемаларын тыңдап, оң шешім табуына ықпал ету – партияның негізгі мақсаттарының бірі. «AMANAT» партиясы бұл жобаны тиімді жүзеге асырып, тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне назар аударып келеді. Қабылдауға қатысқан партия өкілдері алдағы уақытта барлық көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын және олардың шешімін табу үшін қажетті шаралардың қабылданатынын жеткізді. Бұл қоғамдық қабылдау алаңы азаматтардың мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарып, партия мен халық арасындағы байланысты нығайтуда маңызды қадам болып табылады.

13 февраля, 2025
in Қоғам
0
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Next Post

«Сарбаз болғым келеді» акциясы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі