13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысындағы жауынгерлік атыстар: тактика мен атыс дайындығын пысықтау

10 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысындағы жауынгерлік атыстар: тактика мен атыс дайындығын пысықтау
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық жоспары шеңберінде алтыншы механикаландырылған бригада бөлімшелерін үйлестіру аяқталуда. Бұл кезең — бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын (БЖА) өткізумен қорытындыланады. Бүгінгі таңда бригаданың тоқсанғаға жуық бөлімшелері жаттығулар бағдарламасын сәтті орындап, оған жүз елу сегіз мерзімді қызмет сарбазы қатысты.

Оқу-жаттығу барысында мамандық бойынша дайындықтан өткен және тактиканың теориялық негіздерін меңгерген жеке құрам штаттық қаруды қолдана отырып, шартты қарсыласпен ұрыс жүргізу пысықталды. Әскери қызметшілер «шерудегі бөлімше», «»елді мекендердегі ұрыс-қимылдар» және «қорғанысты ұйымдастыру» сияқты негізгі тақырыптар бойынша дағдыларды жетілдірді.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу бағдарламасына әртүрлі жауынгерлік жағдайларды имитациялайтын сценарийлер де қосылды: әуе шабуылына тойтарыс беру, диверсиялық топтарды анықтау және жою, ластанған жерлерді еңсеру, мина-жарылғыш тосқауылдарды қолдана отырып қорғаныс әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ қорғаныстың алдыңғы шебінде жаудың көзін жою.
— Бөлімшелердің жауынгерлік атыстарының негізгі мақсаты командирлер мен бөлімшелерді атыс құралдарын нақты қолдана отырып, тиімді ұрыс-қимылдарын жүргізуге үйрету болып табылады. Сабақ барысында шартты жау нысаналармен, имитациялық және басқа құралдармен белгіленеді. Атысты сауатты басқарудың және жауынгерлік бұйрықтардың нақты берілуінің арқасында командирлер қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады, — деп атап өтті бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары майор Ержан Сабырбекұлы.
Жауынгерлік атыс басталар алдында әскери қызметшілермен нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Ұйымдастырылған оқу орындарында офицерлер мен сержанттарға бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын өткізудің әртүрлі кезеңдеріндегі міндеттері туралы нұсқау берілді. Әскери қызметшілер заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеп, жеке құраммен жұмыс істеудің тиімді әдістерін қарастырды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттің құрамасы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері арасында үздік атанды

Next Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі