13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Әлем жауынгері» байқауына үздік әскери қызметшілер таңдалды

6 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Әлем жауынгері» байқауына үздік әскери қызметшілер таңдалды
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық армия ойындары аясында өтетін «Әлем жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік конкурсына қатысу үшін Шымкент гарнизонында келісім-шарт бойынша үздік әскери қызметшілер таңдалды.

Іріктеу әскери қызметшілердің дене даярлық деңгейі, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша білімі, белгіленген нормативтерді уақытқа орындау қабілеті, соның ішінде, кедергілер жолағынан өту, РХБҚ нормативтерін орындау, атыс даярлығы бойынша бағалау кешендерінен тұрды. Сонымен қатар, әскери қызметшілер әскери тарих туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсетті.

Ең үздік кешенді сынақтарда сержант Ғайбутдин Әбдірахманов, кіші сержант Әйгерім Қалиева, Нұралы Құлбеков пен Марс Каюмов ефрейторлары ең үздік нәтиже көрсетті.

Енді олар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Қарулы Күштері ауқымында іріктеуден өтуі тиіс.

«Жыл сайын іріктеу жарыстарының нәтижелері жақсарып, ал ниет білдірушілер саны артып келеді. Әскери қызметшілердің кәсіби шеберлік деңгейінің өсуі бізді өте қуантады. Әлем жауынгері тек мықты жауынгердің ғана емес, сонымен қатар ойшылдың, белгілі бір дәрежеде суретшінің де қасиеттерін біріктіре алатын адам ғана атала алады», – деді 1- сыныпты сержант Рауан Әлімбетов.

Айта кетсек, байқау Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіреді. Әскери қызметшілер тек кәсіби дағдыларын ғана емес, сондай-ақ интеллект деңгейін, креативтілігін көрсететін маңызды жарыс және әскери мамандықтың мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

Байқау ережесіне сәйкес, «Әлем жауынгері» жарысының кезеңдері әскери-атлетикалық дайындықты, мергендік, әдеби-көркемдік және би дағдыларын көрсетуді, сондай-ақ тарихты білуді қамтиды.

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Үздік каратешілер анықталды

Next Post

Австралия медициналық бетпердеден жол салуды бастамақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі