13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шабуылдау батальонының мерзімді қызмет сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды

30 января, 2025
in Жаңалықтар
0
Шабуылдау батальонының мерзімді қызмет сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды
Share on FacebookShare on Twitter

«Мәтібұлақ» полигонында өткен практикалық сабақтар барысында БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағынан шартты қарсыластың сауытты техникасы мен тірі күштері жойылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6-механикаландырылған құрамасының шабуылдау батальоны Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында бақылау ату жаттығуларын өткізді.
Жауынгерлік іс-шараның мақсаты мерзімді қызмет сарбаздарының тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтап, ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда штаттық қарудан ату машығын жетілдіруге бағытталған.
Әскери қызметшілер БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының штаттық қару-жарағынан шартты қарсыластың 1500 метр қашықтықтағы сауытты техникасы мен тірі күштерін имитациялайтын нысандарды жойды. Бұдан бөлек, сабақ барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, жауынгерлік машинаның ұрыстық жиынтығын жартылай жүктеу, оқжатар мен таспаларды жабдықтау нормативтерін орындады.
Әскери қызметшілер жауынгерлік дағдыларды ғана емес, нақты ұрыс жағдайында аман қалу тәсілдеріне де жаттықты. Атап айтқанда, қираған техникадан экипаждарды эвакуациялау және жараланған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибесін пысықтады.
– Практикалық атыс сабақтарын сауатты орындау үшін әрбір жауынгер атыс ережелерін, қару-жарақтың материалдық бөлігін және жаяу әскер жауынгерлік машинасын қолдану тактикасын мұқият білуі қажет. Бір сабақ кезінде сарбаздар климаты қатал қысқы жағдайда табандылық танытып, қойылған барлық міндеттерді сәтті орындады, – деп атап өтті шабуылдау батальонының сержанты Әнуар Молдабеков.
Жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейі әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасау дағдылары мен нақты жауынгерлік жағдайда тактикалық тәсілдерді қолдану қабілетін көрсетті.
Практикалық сабақтарға барлығы тоқсанға жуық әскери қызметші қатысты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Next Post

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі