13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

30 января, 2025
in Жаңалықтар
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева қыз-келіншектерді жеке қабылдап, олардың арыздары мен шағымдарын тыңдады. Қабылдауға сондай-ақ мәслихат депутаты, дәрігер Бақытжан Позилов, Психологиялық қолдау орталығының директоры Жанна Утесинова, заңгер Перизат Сулейменова, адвокат Кайрат Муратов, журналист Марина Низовкина, блогер-журналист Азат Дидарбек, «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор» Жаңыл Спанова және жергілікті әкімшілік өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында түрлі мәселелермен келген азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Шағымданушылардың басым бөлігі әлеуметтік, денсаулық сақтау және құқықтық салаларға қатысты проблемаларын көтерді.

Қазығұрт мөлтек ауданының тұрғыны жұбайы екеуі ІІ топ мүгедектері екенін және әлі күнге дейін баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Қабылдауға келген мамандар оған үй алу жолдарын заң аясында түсіндіріп, қажетті ақпараттар мен көмек көрсетті.

Қарасу мөлтек ауданының тұрғыны үйін заңсыз алып қойғанын айтып, құқықтық көмек сұрап келді. Оған заңгерлер тиісті құжаттарды жинап, арыздану жолдарын түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Құрсай шағын ауданының тұрғыны көптен бері алимент өндіре алмай келе жатқанын айтып шағымданды. Оған да құқықтық көмек көрсетіліп, мамандар тиісті кеңестер берді.

Қабылдау барысында басқа да мәселелер бойынша көмек сұрап келгендер болды. Барлық шағымданушыларға бір реттік әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік себеті үлестірілді.

Бұл іс-шара Шымкент қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды қадам болды. «AMANAT» партиясы әйелдердің құқықтары мен мәселелерін шешу үшін барынша қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да дәлелдеді.

Previous Post

Шымкентте Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Next Post

Шабуылдау батальонының мерзімді қызмет сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі