13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

6 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ауа-райының жылынуымен алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Көшелерді, аулаларды тазалау жұмысына 10 мыңнан аса тұрғын атсалысты.

Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 150 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар да тазаланды.

Сенбілікке қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да қатысты.

— Бұл осы жылдың алғашқы сенбілігі. Қар кеткен соң астында қалған қоқыстарды тазартып жатырмыз. Наурыз айынан бастап сенбілік апта сайын ұйымдастырылатын болады және оған барлық ұйымдардың күші тартылады. Сондықтан қала тұрғындарын да өзі тұратын көпқабатты тұрғын үй болса ауласын, үйлерінің маңын тазалауға шақырамын. Қала тұрғындарын шаһарымыздың тазалығы сақтауға бірлесе атсалысса деймін, — деді Шыңғыс Мұқан.

Тазалық шарасына қатысушылар жол бойындағы жасыл аймақтарды, саябақтар мен демалыс орындарын, арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Тәуелсіздік қарлығаштары» байқауы басталды

Next Post

Қазақстандық «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі