13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Тәуелсіздік қарлығаштары» байқауы басталды

6 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Тәуелсіздік қарлығаштары» байқауы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі мерейтой қарсаңында ел жетістігін кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облысында жас ақын-жазушылар мен журналистер арасында байқау өтеді. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі комиссия отырысында берген тапсырмаларын орындау, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін арттыру, Тәуелсіздік жылдарында жеткен ел жетістіктерін әдебиет және ақпарат саласының өкілдері арқылы кеңінен насихаттау мақсатында өтетін байқауға 30 жасқа дейінгі жас ақын-жазушылар мен журналистер қатыса алады.

Байқау барысында тәуелсіздіктің жемісі ретінде Елбасының бастамасымен құрылып, Мемлекет басшысының қадағалауымен дамуы жүзеге асып жатқан Түркістан облысының жетістігі, облыс орталығы — Түркістан қаласының жаңарған келбеті тақырыбына ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық қоғамдық даму басқармасы және Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалдарының ұйытқы болуымен қолға алынған «Тәуелсіздік Қарлығаштары» атты сайысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан үміткерлер қатыса алады. Байқаудың барлық талаптары туралы 8 ақпан күні басқарманың фейсбук желісіндегі ресми парақшасында жарияланатын болады», — деді басқарма басшысы.

Баспасөз мәслихатында ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін арттыру арқылы жас ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдерінің шығармашығы танылатындығын айтты.

«Ең маңыздысы, байқау арқылы еліміздегі әрбір азамат «тәуелсіздік» деген ұғымның мағынасын терең ұғынады деп сенемін. Әсіресе, жас буынға түсіндіруде, бойындағы ұлтжандылық сезімін оятуға мүмкіндік берері анық. Тәуелсіздіктің мәнін ұғыну, бағасын білу, құнын арттыру – бүгінгі басты міндетіміз. Барша шығармашыл жастарға сәттілік тілейміз»,-деді филиал төрағасы.

Сондай-ақ, брифингте сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Әлібек Шегебай

«Бұрынғы әдеби шығармалардың дені тәуелсіздікті аңсаумен жазылған. Ал қазіргі тәуелсіздік кезеңде дүниеге келіп, бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан жастар тәуелсіздікті қалай түсінеді? Олардың арманы не? Байқауда жастардың тәуелсіздік туралы шығармаларын талдайтын боламыз», деген Ә.Шегебай жастарға байқауға белсенді қатысуға шақырды.

Атап өтейік, «Тәуелсіздік қарлығаштары» шығармашылық байқауы 8 ақпан мен 15 наурыз аралығында өтеді. Жеңімпаздар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында марапатталады. Байқауда үздік деп танылған қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталмақ.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев кәсіпкерлерге кепілдіксіз несие алудың жолын көрсетті

Next Post

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі