13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлер палатасында отандық тауарларды қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

23 декабря, 2024
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлер палатасында отандық тауарларды қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда желілерінде отандық тауарларды кеңінен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Жиынға Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері, тауар өндірушілер мен «Gramad», «Магнит Cash&Carry», «Супермаркет «Баян Сұлу», «Фиркан», «Turan», «Metro Cash&Carry», «Светофор» сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Жиында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, оның ішінде жергілікті өнімдерді ілгерілету шаралары талқыланды. Сауда желілерінің өкілдеріне заң талаптары түсіндірілді.

«ҚР «Сауда қызметін реттеу» туралы заңында ішкі сауда субъектілері қызметін жүзеге асыру барысында отандық тауарларды көрінетін және қолжетімді жерде орналастыруға міндетті деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 242-НҚ бұйрығына сәйкес, сауда қызметін жүзеге асыратын сауда желісінің субъектісі «Қазақстанда жасалған» деген арнайы орын әзірлеп, сауда алаңының 30 пайызынан кем түспейтін орынға отандық өндірушілердің тауарларын орналастыруы тиіс», – деді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Илдар Ахмедиев.

Осы тұрғыда әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін орналастыруда заң талаптарын сақтау барысы да түсіндірілді.

«Атап айтқанда азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан алынатын сыйақының бес пайыздық мөлшерден асыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға байланысты сыйақыны заңсыз талап етуге тыйым салынады. Мұндай заң бұзулышық болған жағдайда алдымен ескерту жасалады, егер сол жылы қайталанса, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады», — деп түсіндірді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Илдар Ахмедиев.

Жиын барысында жергілікті тауар өндірушілер мен ірі сауда желілерінің өкілдері бір-бірімен байланыс контактілерін алмасып, бірге жұмыс істеуге уағдаласты. Сонымен қатар, тауар өндірушілер жергілікті өнімдерге қолдау көрсету туралы ұсыныстарын айтты.

Previous Post

ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДАН БАС ТАРТЫҢЫЗ!

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі