Соңғы жылдары Ливерпуль биржасының бағаны өте арзан ұстауына байланысты өңірдің мақта өсірушілері тығырыққа тірелуде. Мәселен, биылғы жылы шитті мақтаның тоннасы 220 мың теңгеден болғанымен өңірдегі мақтаның сапасы осы талапқа сәйкес келмеуде. Оның сыртында алы-жақын шетелдердің үкіметтері стратегиялық техникалық шикізатқа демпингі қолданғандықтан қазақстандық өнім өтпей қоймада қалып қоюда. Осыған орай, Сауран ауданы аумағында мақта өсірудің тәжірибелі маманы болды ма, болса олар қазіргі тығырықтан шығудың қандай жолдарын ұсынады екен дегенде алдымен ойымызға оралғаны 1963-1966 жылдары Түркістан мақта зауытында директорлық қызмет атқарған Жұман Ержігітұлы.
Жұман Ержігітұлы 1930 жылы 30 маусымда жұма күні қазіргі Абай ауылына қарасты Ақтөбе өзенінің бойындағы «Ержігіттің қыстауында» дүниеге келген. Әкесі атқа құмар, аңшы кісі болған. Қысы-жазы жақсы тұқымды жүйрік тұлпарларды баптайтын. Қорасынан мал үзілмес кісі болған. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» демекші, аңшылыққа шығуды жаны сүйетін.Айта кетсек сол кездері Созақтың тауларында үйрек, кекілік, түлкі және қоян қаптайтын. Жұманның әкесі тау бөктеріндегі өзеннің тұсынан сәл жоғарырақ үй салған. Таудың етегін тегістеп, жер жыртып, өзеннен арық тартып, 3-4 гектардай жерді көркейтіп, бау-бақша қылады. Жеміс ағашының түр-түрінен сапалы өнімдер алады.Баласы Жұманға осы бау- бақшаны мұра етіп қалдырады. 2009 жылы Абай ауылына «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген ұстаныммен бауегіп өз үлесін қосқан.
Жұман Ержігітұлы 1944 жылы қазіргі Абай ауылындағы педагогикалық техникумға оқуға түседі. 1951 жылы педтехникумды үздік бітіріп Ташкент қаласындағы тоқыма институтына оқуға түседі. 1956 жылы институтты ойдағыдай тәмамдап Жамбыл облысының Қордай ауылындағы «Луб» комбинатқа жұмысқа жолдамамен келеді. Комбинаттағы үш жыл ішінде ауысым шебері, цех бастығы, бас технолог, бас инженер қызметіне дейін көтеріледі. 1959 жылы Түркістандағы мақта зауытына бас инженер болып ауысты. 1962 жылы Мақтаарал ауылындағы «Славянск» мақта зауытына директор болып тағайындалады, 1963-1966 жылдары Түркістан мақта зауытында директорлыққызметке отырады.
Жұман атамыз туралы осы күнге дейін тұстастары аңыз секілді әңгімелерді жиі айтады. Соның ішіндеең ерекшелігі атамыз кішкентайынан қара жұмыста шындалып өскендіктен мақта зауытында директорлық қызмет атқарып жүрген кезінде де қара жұмысқа өзі де бел шешіп араласып кетеді екен. Шитті мақтадан әбден өңделген шетелге шығатындай сапалы болғанша өзі де аттан түспей, басқаларға да маза бермейді екен. Бүгінде мұндай басшылар жоқтың қасы,-дейді Бабайқорған ауылдық округі әкімдігінің заңгері Арман Ержігітов.
Жұман Ержігітұлы 1966 жылы Қазақстан жеңіл өнеркәсібі министрлігінің Шымкенттегі мақта бірлестігіне бас директор болып тағайындалады. 1972-1991 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы жүнді алғашқы өңдеу фабрикасында директор қызметін атқарып зейнеткерлікке шыққан. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің ардагері Жұман Ержігітұлының артында қалған 2 ұл, 3қыздан немере-шөберелері бар.
Жұманның үлкен атасы Ергебектен екі бала қалған. Біреуі Жұманның әкесі- Ержігіт, ал екіншісі оның інісі Жаңылбек. Ержігіттен төрт ұл, бір қыз тарайды. Текемен, Тоқсанбай, Шегебай ағаларынан кейін Жұман өмірге келеді. Ағаларының артынан жалғыз қарындасы Үрзия келеді. Колхоз құрылған жылдары ағалары сауатсыздықты жою курстарында оқыды. Ағасы Текемен жұмыста көзге түсіп бригадир, ферма меңгерушісі болады. Тоқсанбай ағасы да соғыстан кейін Түркістанға келіп, сонда теміржолда жұмыс істеді. Шегебай ағасы атажұртта, өмір бойы сол жерде жұмыс істеді. «Ата көрген оқ жонар» дегендей Бабайқорған ауылдық округінің заңгері Арман Ержігітов те атасының жолымен әділеттің ақ туын жықпай, шындықтың бетіне тура қарап, тек тазалықты ұстанып, заңгерлікті меңгерген.
Ту-Бегі АБЫЛАЙ
ХҚТУ 4-курс студенті