13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Олжас Бектенов АДБ басшысы және ОАӨЭЫ елдері өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

8 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Олжас Бектенов АДБ басшысы және ОАӨЭЫ елдері өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысты. Мақсат – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда Бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.

ОАӨЭЫ бағдарламасы – Азия даму банкінің бастамасы, жетекші халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестікте жүзеге асырылады. Конференцияға Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава, ОАӨЭЫ институтының директоры Кабир Джуразода, Еуропалық комиссияның Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты бойынша директоры Петерис Устубс, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің, Ислам даму банкінің және басқа да қаржы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан үкіметтік делегациялары қатысты.

Мемлекеттердің экономикалық және қаржылық тұрақтылық, инфрақұрылымды дамыту, сауда, энергетика, су ресурстары, декарбонизация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылы талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Бағдарламаның Орталық Азия өңірі үшін өзектілігін атап өтті. 20 жылдан астам уақыт ішінде өңірге шамамен $51 млрд инвестиция салынса, оның $9 млрд-тан астамы Қазақстандағы жобаларға бағытталған.

«Біз ортақ мақсаттарға жету үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен және ОАӨЭЫ-ға қатысушы елдермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Біз терең өңдеуге және қайта өңделген өнім үлесін арттыруға, экспорт құрылымын белсенді түрде өзгертуге және оның көлемін ұлғайтуға баса назар аудара отырып, АӨК-ті дамытуға бағытталғанбыз. Сондай-ақ біз Орталық Азия мемлекеттерінің көлік қатынасы мен энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделіміз. Өңір елдері мен халықаралық қаржы ұйымдарын бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін күш біріктіруге шақырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакава ОАӨЭЫ басым бағыттары қатарында климаттың өзгеруіне қарсы күресте шешуші іс-қимылдар қабылдау, ерте ескерту жүйелерімен тұрақты инфрақұрылым құру, сондай-ақ цифрлық трансформацияны дамыту және инновациялар енгізу тұрғанын баса айтты.

Конференцияға қатысушылар адами капиталды дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға назар аударылды.

Қорытындысы бойынша ОАӨЭЫ Климат және орнықты даму жобаларын дайындау қоры туралы келісімге қол қойылды.

Previous Post

Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Next Post

Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі