13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде

11 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан-Бразилия парламентаралық достық тобының бірінші отырысына қатысу үшін Астанаға сапары аясында Бразилияның федералды депутаты – «Қазақстан-Бразилия» парламентаралық достық тобының төрағасы Клаудио Кажадумен кездесті.

А. Рахметуллин бразилиялық депутатты ҚР-дағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырды, сондай-ақ жаһандық күн тәртібі мен халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл контекстіндегі еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты. Сондай-ақ ол Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америка құрлығындағы маңызды серіктесі болып қала беретінін атап өтіп, парламентаралық диалог екі елдің саяси ынтымақтастығының негізгі тетігі болып табылатынына және Қазақстан мен Бразилия арасындағы қатынастардың барлық кешеніне қуатты серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде К. Кажаду қазақ дипломатын Бразилиядағы қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Оңтүстік Америка өңіріндегі соңғы үрдістермен таныстырды. Сонымен қатар федералды депутат Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі шешуші рөлін жоғары бағалады.

Сондай-ақ келіссөздер күн тәртібінде Бразилиа қаласында алтыншы сімаралық саяси консультацияларды табысты өткізу контекстінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ биылғы жылы Порту-Алегри қаласында «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің III отырысы мәселелері тұрды. Сұхбат барысында 2025 жылы Бразилияда өтетін COP30 климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция аясында екі елдің тығыз ынтымақтастығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу барысында тараптар «Қазақстан-Бразилия» достық тобының алдағы бірінші отырысының өзекті мәселелерін талқылады және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы саяси өзара іс-қимылды дамытуға өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.

Previous Post

Олжас Бектенов АДБ басшысы және ОАӨЭЫ елдері өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Next Post

Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі