13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда

30 октября, 2024
in Uncategorized
0
Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен келіссөздер өткізді.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтарда Италияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

Сонымен қатар тараптар «Орталық Азия + Италия» диалогы аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ә. Қуантыров Италия Қазақстанның Еуропа одағындағы ең ірі сауда әріптесі екенін хабарлады. Қазақ дипломаты Э. Чириеллидің елордамызға сапары аясында өткен Экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысының сәтті өткенін ризашылықпен атап өтті.

Өз кезегінде италиялық дипломат Римнің Астанамен стратегиялық әріптестікке дәстүрлі түрде жоғары мән беретінін растады. Атап айтқанда, «Sogesid» компаниясының Арал теңізі аймақтарын әлеуметтік-экологиялық жаңғыртуға бағытталған жобасы туралы хабардар етті.

Осыған орай Сыртқы істер министрінің орынбасары италиялық тараптың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік, жоғары білім, су ресурстары және энергетика салалар бойынша жұмыс топтарының кездесулерін көздейтін Орталық Азия мен Италия арасында білім алмасу желісін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі бастамасын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігінің барлық спектрін нығайтуға бағытталған көпқырлы диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтама: Италия – Қазақстанның ЕО-дағы ең ірі экономикалық серіктесі. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы 16 млрд АҚШ долларын (экспорт – 15,1 млрд, импорт – 900 млн) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,7 млрд доллар) 36%-ға жоғарылады. 2005 жылдан бастап 2024 жылдың II тоқсанына дейін Италиядан Қазақстанға инвестициялар көлемі 7,6 млрд доллар құрады. Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 278 заңды тұлға тіркелген.

Previous Post

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның ӘҚШ рәсімі шеңберінде алған ұсынымдарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Next Post

Білім беру объектілерінің ас блогында қандай талаптар сақталуы тиіс?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі