13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Білім беру объектілерінің ас блогында қандай талаптар сақталуы тиіс?

30 октября, 2024
in Денсаулық
0
Білім беру объектілерінің ас блогында қандай талаптар сақталуы тиіс?
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында тамақтан улану фактілерінің тіркелуін болдырмау үшін қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінен қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын мүлтіксіз орындау талап етіледі, олардың негізгілері:
— мектеп асханасы қызметкерлері, педагогикалық және қызмет көрсетуші персонал жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауға міндетті !
— асхананың үй-жайларын, тамақтанатын залды күнделікті тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу қажет !
-Әр тамақтан кейін асхана үстелдерін тазалау керек !
-тыйым салынған тамақ өнімдерін санитариялық ережелермен белгіленген өндіруге және сатуға жол берілмейді:
-қуырылған жұмыртқа;
-күрделі (төрт компоненттен көп) салаттар және қаймақ пен майонезбен араласқан салаттар; -пастерленбеген сүт, сүзбе және термиялық өңдеуден өтпеген қаймақ;
— суда жүзетін құстардың жұмыртқасы мен еті және т.б.
-тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзіміне сәйкес келуі керек !
-тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады;
-тез бұзылатын тамақ өнімдерін төмен температуралы тоңазытқыш қондырғыларында және (немесе) тоңазытқыштарда сақтау қажет !Температураны бақылау үшін термометрлер болуы керек. Сынапты термометрлерді пайдалануға рұқсат етілмейді;
— қоғамдық тамақтандыру бөлімшесінде технологиялық процестердің реттілігі (ағыны) қамтамасыз етілуі керек, яғни шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің, пайдаланылған және дезинфекцияланған ыдыстардың келе жатқан ағындарын, сондай-ақ келушілер мен тамақ дайындаушы персоналдың қарсы қозғалысын қоспағанда.
— ас блогында шикізаттың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің қарсы ағындарын болдырмайтын технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) қамтамасыз етілуі тиіс;
— медицина қызметкері дайындалған тағамның сапасын бағалайды;
— асханада дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан күнделікті үлгі алу керек.
— білім беру объектілерінің қызметкерлері мен қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы керек !
— терінің іріңді аурулары, іріңді кесектері, күйіктері, тіліктері бар, науқастар немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен немесе тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық тексеру жүргізілгенге дейін және дәрігердің қорытындысы шыққанға дейін жұмысқа жіберілмейді;
— асхананың бөлме жайлары мен қоймаларында жәндіктер мен кеміргіштер болмауы керек !
Және де , білім беру мекемелерінің әкімшілігі жанынан құрылған бракераждық бақылау комиссиясы жұмыс жасауы тиіс !

Елемесов Бахтыораз Мизамұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда

Next Post

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАҒА КЕЙБІР ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі