13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Полиомиелит – полиовирус әсерінен болатын жедел жұқпалы ауру

15 ноября, 2024
in Денсаулық
0
Полиомиелит – полиовирус әсерінен болатын жедел жұқпалы ауру
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Полиомиелит –полиовирус әсерінен жұлынның алдыңғы мүйізі зақымдалатын жедел жұқпалы ауру. Осындай зақымдалудан жіті енжар салдану ауруы пайда болады. Жіті енжар салдану –он бес жасқа дейін балада болатын кез келген жіті енжар салдану жағдайы немесе полиомиелитке күдіктену кезінде жасына қарамастан кез келген паралитикалық ауру;
Бұл аурудың тарихына көз жүгіртсек, дерт 1950 жылға дейін балалар үшін қауіпті болып келді. Себебі ауру эпидемияға ұласып, әртүрлі елдерде бірнеше мыңдаған адамдардың, оның ішінде балалардың өмірін қиды. Балалардың біразы осы аурудан көз жұмса, кейбірі мүгедек болып қалды. Емдеудің тиімді әдістері болмады. Сирек жағдайларда сал ауруының салдары ұзақ мерзімді оңалту арқылы азайтылды, бірақ көбіне балалар өмірінің соңына дейін ішінара немесе толықтай сал болып қалды. Ғалымдардың аурудың емін іздеу арқылы бұл дертке қарсы егуді жасап шығарып, халыққа қолданғаннан кейін, елдерде ауру төмендеп, жойыла бастады.
Ал, елімізде осы вакциналарды ҚР профилактикалық егу ұлттық күнтізбезіне сай жүргізу арқылы, 2002 жылдан бастап ДДСҰ Қазақстанды полиомиелиттен азат ел ретінде ресми түрде жариялады.
Полиомиелит вирусы сыртқы ортада тұрақты, мысалы: суда 100 тәулік, нәжісте-6 ай, жеміс-жидекте 3-4 айға дейін сақталады, қайнаған кезде жойылады.
Полиомиелит вирусты жұқтырған адаммен тікелей байланыста немесе ластанған тамақ пен сумен (сирек кездеседі) жұғуы мүмкін
Вирус организмге тыныс алу жолдары (көбіне ауыз арқылы) арқылы еніп, ішекте көбейеді. Одан әрі қанға өтеді де, қан арқылы жұлынды зақымдайды..
Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтары қызметі бұзылып, бұлшық еттерінің парезі, салдануы (паралич) басталады.
Инкубациялық кезеңі-5 күннен 12 күнге дейін созылады.
Клиникалық көріністері полиомиелиттің типіне байланысты іштің өтуі, бас ауру, жалпы улану, менингиальды белгілердің пайда болуымен сипатталса, салдану түрінде бұлшықеттерінің тартылуы, мойын тұсының, арқаның, қол аяқтарының ауыруы, адинамия байқалады.
Полиомиелиттің қауіптілігі вирусты жұқтырған адамдардың көпшілігі ауырмайды және жұқтырғанын білмей қалуы мүмкін және ауыр түрінде жүйке жарақаттарын сал ауруына, тыныс алудың қиындауына және кейде өлімге әкеледі.
Полиомиелиттің алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация.
Сондықтан ҚР –ның ұлттық күнтізбеге сай 2,3 ,4 18 айларда инактивтелген және 12 айында ауыз арқылы полиомиелитке қарсы вакцина алудың маңыздылығын есте сақтайық.

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Требования к мясной продукции

Next Post

Ауыз су сапасына жүргізілетін мониторинг

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі