13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Ет өнімдеріне қойылатын талаптар

14 ноября, 2024
in Денсаулық
0
Ет өнімдеріне қойылатын талаптар
Share on FacebookShare on Twitter
Біздің қоғамда дастарханымызды ет және ет өнімдерінсіз елестету қиын. Қазіргі таңда дүкен сөрелерінде ет өнімдерінің көптеген өндірушілері бар. Қандай да бір ет және ет өнiмдерiн дүкен сөрелерінен сатып алмас бұрын, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өткендігіне көз жеткізіңіз. Себебі, өнімнің жарамдылығын айқындайтын сипаттамалары оның сапасы, қауіпсіздігі, органолептикалық көрсеткіштері болып табылады.
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес, сыртқы қаптамада мемлекеттік және орыс тілдерінде тамақ өнімдерінің атауы, құрамы, таза салмағы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тамақ өнімін өндірушінің атауы және орналасқан жері болуы тиіс. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері өнім дайындалған және сәйкестендіріле алатын құжаттарға енгізілуі керек.
Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар (жүкқұжат, сәйкестік туралы декларация, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық паспорт) болуы міндетті.
Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға ет және ет өнімдерін өткізу кезінде төмендегі бұзушылықтары бар өнімдерді пайдаланбауға кеңес береді:
• техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін;
• шіріген, бүлінген, ластанған;
• белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе мерзімі өткен;
• таңбалануы жоқ;
• сақтау және тасымалдау шарттары бұзылған ет өнімдерін.
Сонымен қатар Сіз, жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған кезде жергілікті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына дәлелді құжаттарды ұсына отыра арыздануға құқылысыз.

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Шымкентте осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Next Post

Требования к мясной продукции

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі