13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу кезінде химиялық уланудың алдын алу

31 октября, 2024
in Денсаулық
0
Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу кезінде химиялық уланудың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter
Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралары халықтың денсаулығын қорғаудың және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау болып табылады, алайда бұл процестерде химиялық заттарды қолдану жұмысшылар үшін де, тұрғындар үшін де химиялық улану қаупін тудырады. Осыған байланысты тұрғындар мен осы қызметтерді көрсететін субъектілер арасында сақтық шараларын қолдану маңызды.
Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін қолданылатын химиялық заттарға әртүрлі пестицидтер, антисептиктер және дезинфекциялау құралдары жатады. Егер дұрыс қолданылмаса, бұл заттар адам ағзасына улы әсер етуі мүмкін, мұның өзі тыныс алу жолдарының зақымдануы, тері аурулары, аллергиялық реакциялар және тіпті улану сияқты ауыр ауруларға әкелуі мүмкін.
Уытты заттардың әсер етуінің негізгі жолдарына бу мен аэрозольді ингаляция, теріге және шырышты қабаттарға тию, тағамға немесе суға кездейсоқ түсу жатады. Сондықтан жұмысшылар мен тұрғындарды осы химиялық заттарды қолдану кезінде сақтық шараларын дұрыс қолдану туралы хабардар ету өте маңызды.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация кезінде алдын алу бойынша негізгі шараларға:
— Жеке қорғаныс құралдарын (бетперде, қолғаптар, көзілдіріктер, респираторлар, бір рет қолданылатын киім) қолдану.
— Дезинфекциялау құралдарын дұрыс таңдау.
— Үй-жайды өңдеуге дайындау (дезинфекциялау құралдарын қолданар алдында көрінетін кірді кетіру, жақсы желдетуді қамтамасыз ету).
— Пайдалану және дозалау нұсқауларын қатаң сақтау.
— Тәуекел деңгейіне байланысты өңдеу жиілігін анықтау.
— Өңдеу кестесін үнемі жаңартып отыру.
— Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау.
— Температуралық жағдайлардың сақталуын қамтамасыз ету.
— Бір реттік материалдар мен қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату.
— Кәдеге жаратумен айналысатындар үшін инфекция қаупін азайту.
— Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу кезінде қауіпсіздік нормаларының сақталуын бақылауды күшейту.
— Тұрғындардан кері байланыс алу және химиялық өңдеулерді жүргізуге байланысты туындайтын мәселелер мен шағымдарға жедел ден қою үшін жедел желілер мен басқа да байланыс арналарын ұйымдастыру жатады.
Химиялық уланудың тиімді алдын алу түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция, дератизация кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. Дұрыс дезинфекция, дезинсекция, дератизация адамдардың денсаулығына кері әсерін төмендетеді және осы іс-шараларды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Жіті ішек инфекцияларын емдеу

Next Post

Трихоцефалеза - паразиттік ауру

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі