13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тағамнан уланудың алдын алу

28 октября, 2024
in Денсаулық
0
Тағамнан уланудың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Тамақтан улану – бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Әр түрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуі оның себебі болуы мүмкін.
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың қаңтар айында тамақтан улану бойынша ауру тіркелген жоқ. Алайда, өткен жылы тағамнан уланудың 2 жағдайы (1 – ботулизм, 1 – сальмонеллез) тіркелген болатын.
Есіңізде болсын, тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін және тағамды дұрыс сақтау әдісін білу қажет. Тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Өнімнің консистенциясының өзгеруі мен оның бетінде шырыштың пайда болуы оның бүлінгендігінің белгісі болуы мүмкін. Зеңмен (көгерген) жабылған тағамдарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді, ісінген консерві банкасы мен пакеттегі шырындарды немесе ашыған сүт өнімдерін өкінбестен тастаңыз.
Сатып алу кезінде өнімнің шығарылу күні мен сақтау мерзімін, қаптаманың тұтастығын тексеріңіз.
Тағамнан уланудың алдын алудың ең тиімді жолы:
• тағамды дайындау кезінде гигиена ережесін сақтау;
• тоңазытқышты үнемі тексеріп отыру;
• тамақты дайындаудың термиялық режимін сақтау;
• тамақтану және тағам дайындау алдында көкөністер мен жемістерді, ыдыстар мен ас құралдарын жуу;
• жұмыртқаны жармас (сындырмас) бұрын оны жақсылап жуу;
• ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған шүберекті жиі ауыстырып отыру, себебі оларда ауру тудыратын бактериялар жиналады;
• бірнеше турайтын (кесу) тақтайларын қолдану. Шикі ет пен балық кесілген тақтайға жасыл көкөністер мен жемістерді, ірімшіктер мен шұжықтарды кесуге болмайды;
• шикі ет пен балықты және дайын тағамдарды тоңазытқыштың бір бөлігінде сақтамаңыз;
• көп тағамды уақытынан бұрын дайындамаңыз. Пісірілген тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;
• азық-түлік сататын орындарды дұрыс таңдай біліңіз.
Облыс тұрғындарына өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, тамақтан уланудың алдын алудың қарапайым шараларын сақтауға кеңес береміз!
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

ВПЧ ПРОВОЦИРУЕТ РАК ШЕЙКИ МАТКИ

Next Post

ЖРВИ мен тұмаудан сақ болыңыздар!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі