13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 4 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

22 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 4 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа, Өтеміс тұрғын алаптарындағы мәдениет үйінің ашылуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Жаңа нысандардың ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен аудан әкімдіктері, Құрылыс басқармасы, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, «СИГРОСТ» ЖШС өкілдері сондай ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан тұрғындарын заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады. Қала басшысы көптен күткен рухани орыннан болашақта әлемге танымал өнерпаздар шыға берсін деген тілегін білдірді. Одан кейін, жаңа ғимаратты аралап көріп, оның жоспарлы жұмысымен танысты.

Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өнерпаздардың әнімен әрленді. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, құшағынан аналық мейірім аңқыған әжелер мәз-мейрам болып, шашу шашты. Олар қала басшылығына алғыстарын айтып, мерекелік күндер атап өтетін, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына бек қуанышты екендерін жеткізді.
Жобаға сәйкес, нысандар 2 қабаттан тұрады. Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа мәдениет үйлерінің құрылыс аудандары — 3192,0 м2, 90 орындықты акт залы, Өтеміс мәдениет үйінің құрылыс ауданы — 3859,2 м2, 100 орындықты акт залы қарастырылған.
Заманауи нысанда вестибюль, акт залы, гардероб, инструмент бөлмесі, грим жасау бөлмесі және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бөлмелерден бөлек жұмыс кабинеттері, кітапхана, оқу залы және жаттығу залы қарастырылған.Мұнда барлық жағдай жасалған, жылу, су жүйесі орталықтандырылған. Көрермен залы, хореография бөлімі, түрлі үйірме класстары мен гардероб, қызметкерлер кабинеттері бар. Ал екінші қабатында кітапхана орналасқан. Мұнда оқу залы, компютерлік бөлме, демалыс залдары мен қызметкерлер кабинеттері барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кетсек, ғимараттардың құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылдың желтоқсан айында қала аумағындағы Кайнарбұлак, Көкбұлақ, Базарқақпа және Өтеміс тұрғын үй алабтарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталған болатын, қазіргі уақытта жұмыстар толығымен аяқталған.

Previous Post

В Шымкенте началось строительство Экопарка на месте бывшего мусорного полигона

Next Post

22 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі