13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында дрон шығаратын кәсіпорын ашылады

26 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында дрон шығаратын кәсіпорын ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Қытайлықтар Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр,. Қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясы Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қытайлық кәсіпкерлермен кездесіп, бұл бастаманы кеңінен талқылады. Сонымен қатар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, мемлекеттік қолдау шарттарын айтты. Инвесторлар дрон шығаратын кәсіпорын үш кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Бірінші кезеңнің өзінде жергілікті 100-ден аса адам және екінші кезеңде 2 000-нан аса адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал үшінші кезең алғашқы екі кезең аяқталған соң, іске аспақ. Кездесу соңында «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев пен қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясының өкілімімен меморандумға қол қойды. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер кәсіпорынның алғашқы кезеңін жыл соңынан дейін аяқтайтынын айтты. Оларға Сауран ауданындағы дайын өндірістік парктен 6 га аумақты құрайтын ғимарат жалға беріледі. Айта кетейік, Еліміздегі аспанда ұшатын құрылғы шығаратын алғашқы кәсіпорын Түркістан облысында ашылады. Алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді құрылғылар «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығарылады деп күтілуде.Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді. Таяуда ғана, облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс дегелациясы ҚХР-ға іссапармен барып, Түркістан облысы мен осы елдің бірқатар провинциясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Алдағы уақытта осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сенатор Түлкібаста атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Next Post

Түркістан облысында қырғызстандық кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі