13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қырғызстандық кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

27 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында қырғызстандық кәсіпкерлер тәжірибе алмасты
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда Орталық Азия жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру көзделуде Қырғызстан Республикасының «Жидек өсірушілер қауымдастығы» ҚБ төрағасы Түркістанға іссапармен келді. Қырғызстан Республикасының «Жидек өсірушілер қауымдастығы» ҚБ төрағасы, ауыл шаруашылығының экс-министрі Тілек Тоқтоғазиев Түркістанға іссапармен келді. Қазақстан Республикасында жеміс-жидек шаруашылығын дамыту бойынша қауымдастық өкілі мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Негізгі мақсат — Орталық Азияда жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру, жидек өсірушілердің өнімдерін сатуға жәрдемдесу, тұқым шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу. Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бауырлас елдің шаруаларымен ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді. Қырғызстандық кәсіпкерлер Сарыағаш ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Аширафи Шимбергенов заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер. Оның айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. Сондай-ақ, «Агротур» шаруа қожалығы заманауи технологиямен раушан гүлін өсіруді қолға алған. Жылыжайдың көлемі 1 гектар. Сапар барысында Тілек Тоқтоғазиев Түркістан облысының кәсіпкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, тәжірибе алмасу мақсатында Қырғызстанға шақырды.

Түркістан облысында дрон шығаратын кәсіпорын ашылады . Алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Қытайлықтар Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясы Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қытайлық кәсіпкерлермен кездесіп, бұл бастаманы кеңінен талқылады. Сонымен қатар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, мемлекеттік қолдау шарттарын айтты. Инвесторлар дрон шығаратын кәсіпорын үш кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Бірінші кезеңнің өзінде жергілікті 100-ден аса адам және екінші кезеңде 2 000-нан аса адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал үшінші кезең алғашқы екі кезең аяқталған соң, іске аспақ. Кездесу соңында «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев пен қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясының өкілімімен меморандумға қол қойды. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер кәсіпорынның алғашқы кезеңін жыл соңынан дейін аяқтайтынын айтты. Оларға Сауран ауданындағы дайын өндірістік парктен 6 га аумақты құрайтын ғимарат жалға беріледі. Айта кетейік, Еліміздегі аспанда ұшатын құрылғы шығаратын алғашқы кәсіпорын Түркістан облысында ашылады. Алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді құрылғылар «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығарылады деп күтілуде.
 

Previous Post

Түркістан облысында дрон шығаратын кәсіпорын ашылады

Next Post

ТҮРКІСТАН: Венгриялықтар құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі