13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауд Арабиялық инвесторлар ет экспортына қаржы салады

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сауд Арабиялық инвесторлар ет экспортына қаржы салады
Share on FacebookShare on Twitter

Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Сауд Арабиялық инвесторлар Түркістан облысында ет экспортын дамытуға қаржы салады . Түркістан ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған облыстың бірі. Шетелдік инвесторлар осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Бүгін Сауд Арабия және Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша инвестиция салуға дайын екенін жеткізді. Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Пайдалы және қауіпсіз өнімге кепілдік бере отырып, «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығаруға дайын екенін айтты. Инвесторларға индустриалды аймақтағы, дайын өндіріс алаңынан арнайы алаңшалар жалға беру жоспарлануда. «Al Thiqa» – 70 жыл бойы әлемге мал саудасы бойынша танымал компания. Барлық өнімдері жоғары сапада екенін растайтын сертификат алған. Компания мал өсіру мен піскен ет өндіруден басқа, азық-түлікті импорттау және экспорттау қызметтерін ең жоғары сапа деңгейінде ұсынады.
Араб үйлестіру тобы Қазақстанда $7 млрд-қа жобалар қаржыландыруды қарастырудаАстанада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры сынды институттарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының (АҮТ) отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары әрі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты Араб үйлестіру тобының Қазақстан үшін басымдыққа ие инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруы болды.

Нұрлан Байбазаров өзінің алғы сөзінде еліміздің инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқаны үшін Араб үйлестіру тобына алғыс білдірді.

«Бүгін Қазақстан Республикасында Араб үйлестіру тобының бірінші дөңгелек үстел отырысын өткізу арқылы берік әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағытында бірлескен алғашқы қадам жасаймыз. Қолдауларыңыз бен ынтымақтастыққа дайын болуларыңыз біз үшін маңызды еліміздің әлеуетін мойындау болып табылады», — деді ол.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Индустриалды аймақтар инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

Next Post

ҚР Энергетика вице-министрі шымкенттіктермен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі