13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Энергетика вице-министрі шымкенттіктермен кездесті

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР Энергетика вице-министрі шымкенттіктермен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда елімізде өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент қаласы жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты. ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Вице-министрдің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-шілде айында өңірімізде электр энергиясын өндіру көлемі 1,3 млрд кВтсағ. құраған. Бұл жағдайда өңірдің тұтыну көлемі – 3,9 млрд кВт сағ. Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда елімізде өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент қаласы жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты. – 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда. Жобаны іске асыру кезінде Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарының 45 мыңға жуық тұрғыны және Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі әуежайдың жаңа терминалы үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі. «Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласының газдандыру деңгейі еліміз бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. 2024 жылға республикалық бюджеттен 9 жобаны іске асыруға 10,4 млрд теңге қарастырылды (4-і жалғасуда, 5-і жаңа). Жобаларды іске асыру нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 %-ды құрайды», – деді Ерлан Құдайбергенұлы. Сондай-ақ, 2023 жылы Шымкент МӨЗ-ін 12 млн тн-ға дейін кеңейтудің базалық жобасы басталды (қолданыстағы қуаты – 6 млн тн.). Кеңейту шеңберінде 12 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу жоспарланған. Жобаны іске асырудың нәтижесінде шамамен 4000 уақытша жұмыс орны мен 1200 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Кездесуде тұрғындар табиғи газ, сұйық газ және инфрақұрылымға қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Ынтымақ елді мекенін газбен қамтамасыз ету, жылу жүйелерінің тозуын төмендету бойынша қолға алынған жұмыстардың барысы және тағы басқа сауалдарға вице-министр нақты жауап берді. Вице-министрдің жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізуі де жоспарланған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сауд Арабиялық инвесторлар ет экспортына қаржы салады

Next Post

Олжас Бектенов: Орталық Азия елдері мен Жапония ынтымақтастықты үдемелі кеңейту үшін зор әлеуетке ие

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі