13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады

19 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директоры Аркадиуш Жаворскиймен кездесті. Қазақстандық мамандарды оқыту және сертификаттау мәселелері талқыланды.

Pearson – әлемдегі жетекші білім беру компанияларының бірі және Ұлыбританиядағы ең ірі біліктілікті сертификаттау ұйымы. Білім беру бағдарламалары мен бағалау саласындағы халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтың арқасында Pearson әлемдік деңгейдегі біліктілік стандарттарын әзірлейді. Компанияның тізіміне кіретін BTEC сертификаты 70-тен астам елде танылған.

Вице-премьер жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларын (кәсіптік стандарттар), оларға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын және осы бағдарламалар бойынша білім алушылардың білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын бағалауды (сертификаттау) қамтитын Ұлттық біліктіліктің отандық жүйесін дамыту туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беруді интернационалдандыру басталды. Елде 23 танымал шетелдік университеттер жұмыс істей бастады. Орта және кәсіптік білім беруді трансформациялау бойынша шаралар қабылдануда. ТжКБ нарық үшін кадрлар даярлау базасына айналуы тиіс.

«Бүгінде бізде құрылыс, энергетика, мұнай-газ секторы салаларына маман даярлайтын бірнеше колледж халықаралық стандарттарды қолдануда. Бұл үрдісті жалғастыру біз үшін маңызды. Сондықтан дәл осы бағытта біз тиімді ынтымақтаса аламыз деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Pearson компаниясының өкілі Қазақстанда халықаралық оқу стандарттарын және тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу үшін салалық министрліктермен әріптeстік орнатуға дайын екендігін білдірді.
«Стандарттарды әзірлеу кезінде біз жұмыс берушілердің сұранысына назар аударамыз. Біз біліктілік стандарттарын құру, оқу бағдарламаларын бағалау және қажет болған жағдайда оларды жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Аркадиуш Жаворский.

Previous Post

Жасыл қаржы жөніндегі кеңес, Орталық банктер Кеңесі және «TURAN» АЭА ашу: Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты

Next Post

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған келешегі бар өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі