13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жасыл қаржы жөніндегі кеңес, Орталық банктер Кеңесі және «TURAN» АЭА ашу: Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты

19 октября, 2024
in Жаңалықтар
0
Жасыл қаржы жөніндегі кеңес, Орталық банктер Кеңесі және «TURAN» АЭА ашу: Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан келген делегациялар қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын одан әр нығайту мәселелері болды.

Вице-премьер Қазақстан түркі интеграциясының дамуына ерекше мән беретінін және бауырлас мемлекеттердің бастамалары мен сындарлы ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті.

«ТМҰ аясында құрылған Түркі инвестициялық қоры экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, елдеріміздің қарқынды өсуі мен өркендеуі үшін капиталдарды, технологиялар мен таланттарды тартуға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды», — деді Нұрлан Байбазаров.

ТМҰ елдерінің барлық министрлері Қазақстанның ТМҰ Жасыл қаржы жөніндегі кеңесін, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктер Кеңесін құру туралы бастамаларын қолдады.

ТМҰ экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркістанда өтеді. Онда Қазақстанның барлық ТМҰ елдері қолдаған тағы бір бастамасы «TURAN» арнайы экономикалық аймағын ашу жоспарланып отыр.

Анықтама: Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда құрылды. 2021 жылы Кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып қайта құрылды.

2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіші $7,2 млрд-ты құрады.

2024 жылы ТМҰ-ның аясында Түркі инвестициялық қоры яғни, түркі әлемі елдері экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты құрылды.

Түркі интеграциясы транзиттік-көлік мәселелерінен бастап, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт пен гуманитарлық салаға дейінгі ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтиды.

Қазіргі уақытта ұйымға 5 мүше және 2 бақылаушы мемлекет кірген. Оған мүше мемлекеттер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Түрікменстан.

Previous Post

Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Next Post

Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын енгізу мәселелеріндегі ынтымақтастықты талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі