13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері 69 пайызға азайды

29 января, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері 69 пайызға азайды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде Шымкент қаласында алдыңғы жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық әрекеттері 69%-ға  азайған.

Бұл жөнінде бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Шымкент қаласында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықпен тығыз байланысты орнату мақсатында «Шымкент – адалдық Алаңы» кеңсесі, әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» және «фронт–офис» жұмысы ұйымдастырылған.

Азаматтардың қажеттілігіне жедел әрекет ету мақсатында ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды. «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында қала әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімдері тұрақты негізде баяндама жасап отырады.

«Open Space» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының 4 аудан әкімі аппараты,

5 басқарма, 137 мектеп, 11 емхана және 8 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшті. Ал, Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін 165 мемлекеттік қызметтің  барлығы 100% электронды түрде жүргізіліп келеді.

Азаматтарды әділеттілік пен парасаттылыққа баулу мақсатында қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне «Жемқорлық — қоғам дерті» муралдары салынды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінде тәулік бойы жұмыс істейтін «Айкөмек» бірыңғай байланыс орталығы ашылған. Онда қала тұрғындары 109 нөмірі арқылы кез-келген сұраққа жауап алады. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Бұл да өз кезегінде тұрғындардың шағымдарына назар аударып, дер кезінде мәселенің шешілуіне ықпал етеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзантикорсыбайлас жемқорлықШымкент
Previous Post

«Nur Otan» – партиясы белгілеген межелі міндеттердің орындалуына бар күш жігерін салады

Next Post

Шымкент қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі 24 ақпанда өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі