13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Елшісі Түрікменстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

10 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Елшісі Түрікменстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Ашхабад, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Нұрлан Ноғаев Түрікменстанның Президенті Сердар Бердымухамедовке сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу үшін берілген уақыт үшін ризашылығын білдіре отырып, Қазақстан Елшісі Түрікменстанның Президенті мен Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымухамедовке Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз бейтарап Түрікменстанмен дәстүрлі достық байланыстарын нығайтуға үлкен мән беретін жылы лебіздерін жеткізді.

Жылы сөздері үшін алғыс білдіріп, Н. Ноғаевты жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Түрікменстанның басшысы Қазақстан Республикасының жоғары басшылығына ізгі тілектерін жеткізді. Атап өтілгендей, бүгінде екі мемлекет арасындағы достық және тату көршілік байланыстар ұзақ мерзімді және стратегиялық сипатқа ие.

Содан кейін екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасу өтті. Президент С. Бердымухамедов пен Елші Н. Ноғаев мәдени және тарихи құндылықтардың ортақтығына сүйене отырып, Қазақстан мен Түрікменстан қазіргі заманда мемлекетаралық әріптестіктің үлгісі болып табылатын өзара іс-қимылдың берік іргетасын қалыптастырғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ ТМД кеңістігі сияқты беделді халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оң сипатына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты өңірлік тетіктер платформасында күш-жігерді үйлестірудің, атап айтқанда, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің және «Орталық Азия плюс» форматындағы жаңа ынтымақтастықтың табыстылығы аталып өтті.

Сауда-экономикалық қатынастарды талқылау барысында С. Бердымухамедов Түрікменстанның осы бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Перспективалы векторлар қатарында энергетика мен көлікті белгілей отырып, Түрікменстанның Президенті мен Қазақстанның Елшісі екі елдің табиғи ресурстарының орасан зор қоры мен қолайлы географиялық ерекшеліктері осы салаларда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады деген бірауыздан пікір білдірді.

Сұхбат барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына баса назар аударылды. Осы тұрғыда Түрікменстанның басшысы Түрікменстан биыл ұлы ойшыл және ақын Махтумкули Фрагиның туғанына 300 жыл толуын кеңінен атап өтетінін хабарлады.

Сондай-ақ жақында Ашғабатта ашылған «Махтумкули Фраги» мәдени-саябақ кешенінде белгілі қазақ композиторы мен музыканты Құрманғазы Сағырбайұлына мүсін орнатылғаны аталып өтті.

Н. Ноғаев Түрікменстандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы ретінде жеке кездесу мүмкіндігі мен жұмысында табыс тілегені үшін тағы да ризашылығын білдіріп, Түрікменстанның басшысын дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және жемісті ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге ықпал ететініне сендірді.

Кездесу соңында қазақ дипломаты Ашғабат қаласының орталығындағы Түрікменстан Тәуелсіздігі монументіне гүл шоқтарын қойды.

Previous Post

Олжас Бектенов инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясына қатысты

Next Post

БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі