13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

11 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы бойынша 1041 мектеп, 21 интернат ұйымдары, 1425 балабақша асханамен, буфетпен қамтамасыз етілген. Осы нысандардың асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балаларға таратылатын тамақтардың дайындалу технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігі оқушының тамақтануын ұйымдастыруда қолданылатын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болу қажеттілігі. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен мектеп, бала-бақша, интернаттар мен жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимаратының нормативтік құжаттарға барлық сәйкестігіне ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілетіндігі туралы Түркістан облысының санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы бүгінгі брифингте мәлімдеме жасады.
Жалпы барлық білім, беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облысы білім басқармасымен (бракеражды комиссия құрамы) бекітіледі. Ал, күнделікті ас мәзірі ұйымның басшысы, медбикесі, диетбикесімен бекітеді.
Осы нысандардағы тамақтың сапасы, қауіпсіздігі, дайындалуы, сыйымдылығы, жиһаздармен жабдықталуы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық-гигиеналық, техникалық жағдайын мүлтіксіз орындау мектеп директорларының, асханаларды жалға алып қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің міндеті болып табылатындығы туралы, сондай-ақ, ас мәзірі әзірленетін кезде балалардың жас санаты, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімі екендігіне, мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі ескерілуі керектігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, брифингте тамақтану объектісінің персоналы жеке және өндірістік гигиенаны сақтауды қамтамасыз ету туралы аталып өтті:
📌жеке бас гигиенасын сақтау, таза арнайы киімді, аяқ киімді және жеке қорғаныш құралдарын кию қамтамасыз етілуі, жеке шкафтарда немесе арнайы бөлінген орындарда жеке заттардың қалдырылуы, тамақтану объектісінен шыққан кезде және санитариялық торапқа (дәретханаға) барар алдында арнайы киім, алжапқыш, бас киім (шашқа арналған тор) арнайы бөлінген орындарда шешілуі қажеттілігі, жұмыс басталар алдында шашты бас киімге немесе шашқа арналған торға жинау, қол гигиенасын сақтау.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 

Previous Post

Қазақстан Елшісі Түрікменстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Next Post

Түркістан облысында шақырушылардың алғашқы легі әскерге аттынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі