13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Карантин талабын елемегендер телефон арқылы бақыланбақ

27 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Карантин талабын елемегендер телефон арқылы бақыланбақ
Share on FacebookShare on Twitter

Ұялы байланыс операторлары абоненттерінің мекен-жайы туралы ақпаратты беруге келіскен.

Апта соңына дейін Оралда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында ұялы телефон арқылы бақылау жұмысын жүргізуді қолға алады. Аталған сақтық шарасы бірнеше күннен соң өз күшіне енбек, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Ақпараттық портал мәліметіне сәйкес, жауаптылар Beeline, Kcell, Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіп қойған.

«Біз ешкімді жеке бақылауда ұстамаймыз. Бұл “арнайы карта” болмақ. Операторлар бізге адамдардың көп жиналған орындар туралы ақпарат береді. Картадан біз сол мекен-жайдағы нысандарды — яғни, мейрамхана, бар немесе кафені табамыз. Егер осы мекемелерде кешкі 20:00-ден кейін тұрғындардың көптеп жиналғанын байқасақ, карантин талабын бұзғанын анықтайтын боламыз”,- деп түсіндірді Орал қаласы мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов.

БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқарма басшысының міндетін атқарушы Петр Лежников операторлардан алынған мәліметтер жеке тұлғаға қатысы жоқ дегенді алға тартады. Яғни, бақылаушылар телефон нөмір иелері жайында деректерді көрмейді.

«Дербестендірілмеген аналитикалық ақпараттың дәл осындай түрі коммерциялық ұйымдарға бұрыннан қолжетімді болған. Олар келушілер ағынын, жарнамалық перспективалық орындарды, бөлшек сауда орындары мен перспективасы жоғары жерді осы жолмен анықтап келген», — деп түсіндірді Лежников.

Айта кетейік, жауаптылар көп қабатты үйлерде орналасқан нысандарда бақылау жұмысы қалай жүзеге асырылатындығы әзәрге белгісіз ккендігін де атап өтті.

Ал адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның директоры Павел Кочетков азаматтардың қозғалысын бақылау —  жеке өмірге қол сұғу деп санайды. Сөзінше, мұндай әрекетке сот тек қылмыстық іс бойынша санкция бере алады.

“Конституция бойынша мемлекет әр азаматпен хат алмасу және телефонмен сөйлесу құпиялылығына кепілдік береді. Бұл бақылау шарасы шектен шыққандық. Бұл заңсыз. Операторлардың мұндай ақпаратты жариялауға құқығы жоқ », — дейді Кочетков.

Сондай-ақ, ол “мониторингтік топтарды заңсыз құралғандығын айтып, арнайы органдар ғана ие бола алатын мұндай өкілеттікті мониторингтік топқа кім бергені түсініксіз” — деп мәлімдеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мысықты емізген иттің видеосы желіні шулатты

Next Post

Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі