13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкенттің опера әншілері әлемдік маэстролармен тәжірибе алмасуда

26 января, 2021
in Мәдениет
0
Шымкенттің опера әншілері әлемдік маэстролармен тәжірибе алмасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы мәдени ордалардың бірі саналатын Шымкент қалалық опера және балет театры жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Театрды мегаполистің мәдени көрікті орындарының бірі ретінде келушілерге жоғары сапалы өнер ұсынатын, әрі ең белгілі мәдени орындардың біріне айналдыру мақсатында әлемдік деңгейдегі қойылымдар қойылмақ.

Бұл туралы бүгін қалалық опера және балет театры директорының міндетін атқарушы Майра Мухамедқызы БАҚ өкілдеріне берген брифинг кезінде баяндады.

— Алдағы уақытта театрдың шығармашылақ ұжымымен шет мемлекеттерге, еліміздің қалаларына гастрольдік іссапарлар, турне, шығармашылық байланыстар ұйымдастыру көзделуде. Әртістердің кәсіби біліктілігін арттырып, курстарға жіберіп, шығармашалықтарын шыңдау мақсатында жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, Италия мемлекетіндегі әлемге әйгілі  үлкен Карло Феличе опера театрының директоры, маэстро  Джузеппе Аквавивомен шығармашылық, әріптестік байланыс орнатып, еліміздегі үшінші опера және балет театрының мәртебесін әлемдік деңгейге жеткізу, таныту басты мақсат болып отыр, — деді спикер.

— Онымен қоса, опера және балет өнерін жаңғырту мақсатында эксперт ретінде Италия мемлекеті Милан қаласынан опера әншісі, тенор, опера орындаушалар маэстросы, ән айту техникасының профессоры, Италия опера мектебінің негізін қалаушы Анатолий Алексеевич Гусев арнайы шақырылған. Бүгінде Анатолий Гусевтің қатысуымен театр әртістерінен ішінара тыңдалым жүргізіп, шеберлік сағаттары өткізілген.

Бұл жылы театр ұжымы 76 қойылым мен концерттік бағдарлама, фестивальдер жоспарлап отыр. Оның ішінде бір жаңа қойылым ретінде жас, дарынды  композитор Тасқын Жармұхамедтің «Домалақ ана» қойылымы сахналанады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзМайра МухамедқызыопераШымкент
Previous Post

Шымкентте «iKomek» орталығының мамандары тестілеуден өтті

Next Post

Түркістан-Шымкент-Ташкент маршруты бойынша жоғары жылдамдықты темір жол магистралі салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі