13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте «iKomek» орталығының мамандары тестілеуден өтті

26 января, 2021
in Билік
0
Шымкентте «iKomek» орталығының мамандары тестілеуден өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен өткен жылы «Шымкент қаласының ситуациялық» КММ-ы құрылған болатын. Шымкент қаласының ситуациялық «iKomek109» мекемесі қала тұрғындарының шағымдары мен өтініштерін шешуде нәтижелі қызмет көрсетіп келеді.

Орталыққа хабарласқан тұрғындардың мәселелерін анықтап, көрсетілетін қызметтердің жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал жасау — ситуациялық «iKomek»-тің тікелей функциясы.

Осыған орай, «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті. Тест сұрақтарының мәтіні қала тұрғындары арасында көптеп кездесетін мәселелерге бағытталған. Мәселен, жиі қойылатын сұрақтарға қалай іс-әрекет жасау қажеттігі, әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық көлік, қала инфрақұрылымы секілді тақырыптардағы 32 сұрақ қамтылған.

Тестілеу жөнінде толығырақ мекеме басшысы Азат Әміртай айтып берді.  «Тестілеудің мақсаты — орталықтың мамандары мен инспекторларының білімін жетілдіру болып отыр. Осы арқылы қызметкерлердің деңгейін анықтай аламыз. Нәтижесінде төмен балл жиғандары қайта оқытудан өтетін болады», — деп түсіндірді.

iKomek 109 орталығымен байланысу түрлері:

  1. Бірыңғай ТЕГІН «109» нөміріне хабарласу;
  2. WhatsApp +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама қалдыру;
  3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;
  4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзikomekШымкент
Previous Post

Түркістандық боксшылар ел біріншілігінде топ жарды

Next Post

Шымкенттің опера әншілері әлемдік маэстролармен тәжірибе алмасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі