13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Елордада бес этноауыл ашылады

5 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Елордада бес этноауыл ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында елордада бес этноауыл ашылады.

2024 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағында этноауыл жұмысын бастайды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, этноауыл аумағында концерттік бағдарламалар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламаға Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысатыны атап өтілді. Концерттік бағдарлама этноауылдарда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Этноауыл ұйымдастырылатын аумақтар:

  • Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында;
  • Алматы ауданы «Қазақ елі» монументінің жанында;
  • Байқоңыр ауданы «Ататүрік» саябағында;
  • Нұра ауданы Орталық саябақта орналасатын болады.

Айта кетейік, 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Қазанат» ипподромының жанында 10 гектар жерде басты «Көшпелілер Әлемі» этноауылы ашылады. Этноауыл бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала. Сондай-ақ этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын шығыс базары ұйымдастырылып, еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар этноауылда туристер мен қонақтарға арналған дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.

 

Previous Post

Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Next Post

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбо жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелерін талқылады 

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі