13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

5 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және ЕАДБ-ның инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуы мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов пен Николай Подгузов Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы жоғары инвестициялық белсенділігін атап өтті. Жыл басынан бері ЕАДБ $900 млн-нан асатын сомаға экономиканың түрлі секторларындағы жобаларды қаржыландырды. Сонымен қатар 2023 жылы Қазақстанға $1 млрд қаражат салынды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі едәуір артып, $1,4-$1,6 млрд-қа жетеді деп күтілуде.

Қазақстанда іске асырылып жатқан ЕАДБ негізгі жобаларының тізбесінде – көмір өндірудің циклдік-ағындық технологиясын енгізу, күн электр стансаларын салу, «Астрахан – Маңғышлақ» магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту, автожолдарды салу және реконструкциялау жобалары бар.

Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі маңызды серіктестердің және инвестициялардың сенімді көздерінің бірі болып саналатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу міндеттерін атап өтті. Қазір Үкімет инженерлік, көлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Біз Банкпен өзара тиімді шарттармен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз және ел экономикасы үшін маңызды жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде ЕАДБ төрағасы Николай Подгузов Банктің ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ тараптар Банктің ағымдағы инвестициялық портфелі, капитал құрылымын әртараптандыру, корпоративтік басқару сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Анықтама: Еуразиялық даму банкі – 2006 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы. Банктің жарғылық капиталы $7 млрд құрайды. Ағымдағы инвестициялық портфельдің салалық құрылымы: энергетика – 21,7%, көлік – 18,1%, тау-кен өнеркәсібі – 27,5%, қаржы секторы – 9,2%, инфрақұрылым – 5,8%, машина жасау – 2,8%, агроөнеркәсіп кешені – 3,3%, химия өнеркәсібі – 7,3%, құрылыс – 1,1%% , басқа салалар – 3,2%-ды құрайды.

 

 

Previous Post

Олжас Бектенов пен inDrive қызметінің негізін қалаушы Арсен Томский цифрлы индустрияны дамыту мәселелерін талқылады 

Next Post

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Елордада бес этноауыл ашылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі