13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысында коронавирус екпесін әуелі медицина қызметкерлері қабылдайды

25 января, 2021
in Денсаулық
0
Түркістан облысында коронавирус екпесін әуелі медицина қызметкерлері қабылдайды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары кезең-кезеңімен жүретін болады. Әуелі медицина қызметкерлеріне, кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция мамандарына егілсе, ал жеке азаматтарға тек қалауы бойынша екпе жасалатын болады. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 327-жағдай анықталған. Бұл — 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 16,2 құрайды. Оның ішінде: симптомдармен-59 жағдай, симптомдарсыз-268 жағдай тіркелген.

«Төсек-орын қоры Облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі–24,4% (149 адам), карантиндік төсек-орынның жүктемесі 10,0% (34 адам). Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», — деді Марат Орынбасарұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов карантин талаптарын бақылайтын мобильді топтардың жұмысын баяндады.

«Мобильді топтармен жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша 5024 нысан араланды. Полиция бөлімінен келіп түскен баянат негізінде жалпы 581 хаттамалар толтырылып, 32 087 000теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Оның ішінде жеке 565 жеке тұлға, 13 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға, 2 лауазымды тұлға карантин талаптарын бұзған», — деді Нұрбек Садықбекұлы.

 

 

Tags: 13kz13kz.kzТүркістан облысы
Previous Post

Мақтааралда 86 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді

Next Post

Коронавирусқа қарсы екпеден ер адам қайтыс болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі