13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Астанада алғаш рет Қазақстан мен Кения сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті

2 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Астанада алғаш рет Қазақстан мен Кения сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Рауан Жұмабек және Кения СІМ Саяси және дипломатиялық қатынастар бойынша бас директоры Элифаса Мутени Баринэнің төрағалығымен Қазақстан-Кения саяси консультацияларының 1-ші раунды өтті.

Консультациялар барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар сауда, көлік және логистика, IT-индустрия және т.б. салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Р. Жұмабек Қазақстанның Африкаға отандық өнімдерді жеткізу, сондай-ақ осы құрлықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ғарыш қызметі және өзге де салалардағы экономикалық қатысуын кеңейту жоспарын жеткізді.

Бұл тұрғыда тараптар Шығыс және құрлықтық Африкаға шығуды қамтамасыз ететін Кениядағы Момбаса портының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар кениялық тарап Қазақстанның қазіргі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен, елімізде жүзеге асырылатын реформалармен, оның ішінде ү.ж. 2 қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі мазмұнымен танысты.

Бұдан бөлек екі елдің дипломаттары күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа бейімділігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар шарттық-құқықтық базаны кеңейту арқылы Қазақстан мен Кенияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

2023 жылы Қазақстан мен Кения арасындағы тауар айналымы 41,1 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы 6 айда 20,3 млн АҚШ долларына дейін жетті.

Previous Post

Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орaй Бразилияның Елшісін қабылдады

Next Post

ҚР СІМ-де Қазақстанның Армениямен достық пен ынтымақтастық туралы шартқа 25 жыл толуы аталып өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі