13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті

2 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Бахтиёр Ибрагимовтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Е. Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Сұхбат барысында мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-өзбек қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шығарылғаны аталып өтті. Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған халықаралық іс-шаралар кестесін қарады.

Кездесу соңында Өзбекстан Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, достық пен тату көршілік рухында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті. Осыған дейін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысы Алешка Симкич пен Эстония Республикасының елшісі Яап Орадан сенім грамоталардың көшірмелерін қабылдады.

Сұхбат барысында Ә. Қуантыров ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Еуропалық одақпен қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, аса жоғары және жоғары деңгейлердегі саяси диалогтың тұрақты сипаты мен өскен динамикасын, экономикалық ынтымақтастықтың және еліміздегі еуропалық инвестициялар көлемінің айтарлықтай артқанын хабарлады.

Сұхбаттастар көлік және логистика, жұмылғыштық, энергетика, аса маңызды шикізат материалдарын өндіру және пайдалану салаларындағы өзара іс-қимылды іске асырудағы практикалық қадамдарға ерекше назар аударды.

 

 

Previous Post

Еуропалық одақ пен Эстонияның елшілері сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Next Post

Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орaй Бразилияның Елшісін қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі