13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісу облысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

26 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Жетісу облысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, Қазақстандағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындардың бірқатар өндірістік алаңдарын аралады.

Облыстың бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында Ә. Қуантыров жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі және отандық және шетелдік инвесторларды қолдау тетіктері туралы айтып берді: «Біз үшін диалогты сақтау өте маңызды, сіздердің сұрауларыңыз бен ұсыныстарыңыз өте маңызды. Қолда бар ресурстар шеңберінде біз әрбір инвесторға көмектесуге дайынбыз және Қазақстанда жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгінгі таңда біз елдің бәсекелестік артықшылықтары бар басым салаларды айқындаудан басталатын инвестицияларды тартудың жаңа тәсілін енгізіп жатырмыз. Өңірлердің ерекшелігі мен бизнес-қоғамдастықтың сұраныстарын ескере отырып, басым салаларда қалыптастырылған инвестициялық ұсыныстары бар инвесторларды тарту жоспарлануда».

Ғ. Оспанқұлов өз кезегінде қатысушыларға Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы және «Жасыл дәліз» жұмыс механизмі, сондай-ақ инвестицияларға «тапсырыс беру» құралы туралы толық ақпарат берді.

Сондай-ақ сапар барысында Ә. Қуантыров пен Ғ. Оспанқұлов «Asma Industrial» ЧК, «Жаркент крахмал диірмені» ЖШС, «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА, «Nurzholy Customs Service» ЖШС және «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы» АЭА-да болды.

2023 жылы пайдалануға берілген Asma Industrial өнеркәсіптік аккумулятор өндірісімен айналысады. Жобаның құны 3,2 млрд теңгені құрады.

Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан Nurzholy Customs Service халықаралық көлік-логистикалық орталығы 2023 жылы мемлекет меншігіне өтті. Ауданның кеңеюі және кеден және шекара қызметтерінің бірлескен күш-жігері орталықтың өткізу қабілетін тәулігіне 200-ден 1500 жүк көлігіне дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Қорғас» ХШЫО аумағында 22 инвестор компаниясы жалпы сомасы 235 млрд теңгеге 30 инвестициялық жобаны іске асыруда. Оның ішінде 5 жоба пайдалануға берілді, ал 12 жоба құрылыс сатысында. 2023 жылғы сәуірде «Қорғас» ХШЫО ашылғаннан бері орталыққа 1,5 млн-нан астам адам келді.

 

Previous Post

Шымкенттік спортшылар 2024 жылдың алғашқы жартысында ел біріншіліктерінен 1450 медаль жеңіп алды

Next Post

МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі