13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік спортшылар 2024 жылдың алғашқы жартысында ел біріншіліктерінен 1450 медаль жеңіп алды

25 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік спортшылар 2024 жылдың алғашқы жартысында ел біріншіліктерінен 1450 медаль жеңіп алды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлем чемпионаттарында 9 алтын, 9 күміс ,2 қола (жалпы 20 медаль) медальді қанжығаға байлаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында басқарма басшысы Маратбек Саменбекұлы Мықтыбеков сала бойынша жетістіктері мен биылғы жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баяндап берді. Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылдың 6 айында жоғары спорттық жетістіктер бойынша нәтижелеріне келер болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып 502 алтын, 406 күміс, 522 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1450 медаль. Азия чемпионаттарында — 55 алтын, 34 күміс және 31 қола иеленсе, Әлем чемпионаттарында 9 алтын, 9 күміс ,2 қола (жалпы 20 медаль) медальді қанжығаға байлаған. Әлем кубоктарында — 13 алтын, 11 күміс, 11 қола (жалпы 35медаль) медальға ие болды. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша — 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 46 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 278 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған. Маратбек Саменбекұлының сөзінше, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 423, жастар құрамасына 461, жасөспірімдер құрамасына 400 спортшымыз енген. Жалпы 1284 спортшы Ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайды. Париж қаласында өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиадаға Шымкент қаласының атынан 12 спортшымыз лицензия ұтып алды. Алайда нәтиеже ойдағыдай болмады. Бұл спортшылардың соңғы Олимпиадасы емес екенін айтып өтті басқарма басшысы. Сонымен қатар, басқарма басшысы қазіргі уақытта, Шымкентте №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатқандығын айтты. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.

Previous Post

​​Шымкентте спорттың 74 түрі дамытылып жатыр

Next Post

Жетісу облысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі