13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан – Тәжікстан: Ынтымақтастыққа тың серпін берген сапар

23 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан – Тәжікстан: Ынтымақтастыққа тың серпін берген сапар
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге мемлекеттік сапар­мен барды. Сапар аясындағы шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында екі ел басшылары стратегиялық серік­тестік пен экономикалық байланыстарды нығайтатын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Көпжақты серіктестіктің берік негізі

Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Ресми іс-шара кезінде Мемлекет басшы­сының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тә­жік­станның көпжақты серіктестігінің бе­рік негізі саналатын жоғары деңгейдегі тұ­рақ­ты кездесулерге баса мән беретінін айтты.

– Ең алдымен, ежелгі тәжік жеріне табаным тиген сәттен бастап көрсеткен сый-құрметіңіз бен қонақжайлық көңіліңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз – сенімді одақтас елдерміз. Қазақстан тарапы Тәжікстанның қазақ халқына деген тілеулес ниетін жоғары бағалайды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Біз алға қарай жылжуымыз керек. Бұл сапар  ынтымақтастығымызды дамы­туға тың серпін беруді көздейді. Бүгін Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылады. Меніңше, бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Осы орайда бірқатар өзекті мәселе бойынша мазмұнды пікір алмасамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Эмомали Рахмон екі­жақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Қазақстан мен Тәжікстанның страте­гиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тәжікстанға қош келдіңіз! Елімізге мем­лекеттік сапармен келгеніңізге қуаныш­тымыз. Бұл сапар екіжақты қарым-қатына­сымызға тың серпін беретініне сенім­дімін. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік сала­ларын­дағы ықпал­дастығымыз қарқынды дамып келеді. Сізбен екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға әзірмін, – деді Тәжікстан Президенті.

Келіссөз барысында сауда-экономи­калық, көлік-транзит, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, ауыл шаруа­шы­лығы мен су ресурстары салаларындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Тәжік­стан экономикасын дамытуға тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асырудың келешегі қарастырылды.

 

 

 

Previous Post

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақстан делегациясы Қазақстан-Тәжікстан инвестициялық форумына қатысты

Next Post

Қазақстан мен Германия білім беру, су ресурстары және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа жобалар туралы уағдаласты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі