13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бектенов жапондық JBIC банкінің төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Бектенов жапондық JBIC банкінің төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов JBIC (Japan Bank for International Cooperation) Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесті. Қаржы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі әрі бүгінде үздік-10 ірі инвесторлар қатарына кіреді. Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы өткен жылы 10,5%-ға өсіп, $2,1 млрд-қа жетті. Биылғы қаңтар-мамыр айларында өзара сауда көрсеткіші $768 млн-ды құрады. 1993 жылдан бері Жапонияның Қазақстан экономикасына капитал салымдарының жинақталған көлемі шамамен $8 млрд-қа жетті.

Үкімет басшысы JBIC-тің екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда энергиямен және сумен жабдықтау, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ көлік-логистика салаларында құны $2,3 млрд болатын 26 жобаны іске асыруды қаржыландырды. Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп энергетика (ЖЭК қоса алғанда), көлік саласы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы бірлескен жобаларды $200 млн сомасына қаржыландыру ниеті бойынша келісімге қол қою жоспарланып отыр.

«Жапонияның оңтүстігінде орын алған жер сілкінісіне байланысты хабарды өкінішпен қабылдадым. Ең бастысы, адамдар аман болып, табиғи апат ауқымды шығындарға алып келмейді деп үміттенемін. Жапония – біздің негізгі сауда-экономикалық әрі инвестициялық серіктесіміз. Бүгінде қазақ-жапон қатынасы кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастық көкжиегін кеңейту ниетін құптайды және бірлескен жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Өз кезегінде JBIC төрағасы Хаящи Нобумицу ESG (Environment, Sustainability, Governance) шеңберінде «жасыл» қаржы және транзиттік қаржыландыру саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниет білдірді.

 

 

Previous Post

Өзбекстандық БАҚ-қа шолу: «Алтын қыран», бірлескен жобалар, өзара келісімдер

Next Post

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі